Мазмұны:
- Google және Yandex жүйесінде кеңейтілген іздеу
- Геолокация бойынша Twitter-ді табу
- Facebook желісіндегі кеңейтілген іздеу
- Фото мен видеоны тексеру
- Фото және видеоның геолокациясы
Қорытынды бөлім осыған дейін өткен құралдарды қолдану бойынша қысқа нұсқаулықтардан тұрады. Онлайн зерттеу құралдарын қолдану жайлы ақпаратты осы сайттан немесе біздің YouTube желісіндегі арнамыздан кез-келген сәтте таба аласыз.
Google және Yandex жүйесінде кеңейтілген іздеу
Іздеуге арналған робот сіз терген мәтінді бұйрықтар жиыны деп түсінеді. Бұл іздеу скрипті деп аталады. Робот үшін әр жаңа сөз – жаңа скрипт болып табылады.
Сондай-ақ іздеуді жылдамдататын және нақты ақпарат алуға мүмкіндік беретін қосымша бұйрықтар жинағы бар. Мысалы, site бұйрығын ақпаратты сіз таңдаған сайтта іздеуге мүмкіндік береді. Бұл индекстеуі төмен және көп бетті сайтта ақпарат іздеуге көмектеседі.
Яндекс іздеу жүйесінде site бұйрығының орнына host(!) қолданылады.
Filetype бұйрығын қолдану арқылы белгілі бір типтегі файлдарда орналасқан ақпаратты табуға болады.
Мысалы ресми құжаттарды немесе есептерді іздеген болсаңыз файлдың типін pdf, ал статистикалық ақпаратты табу үшін xls немесе xlsx форматын белгілейсіз.
Кез-келген бұйрықты бір сауалдың төңірегінде біріктіруге болады. Ең бастысы әр бос орын роботқа жаңа бұйрықтар скрипті жайлы белгі беретінін ұмытпаңыз.
Кей жағдайда іздеу жүйелері сіз іздеген сауал бойынша нақты нәтиже көрсетпеуі мүмкін. Себебі, сіздің сауалыңыздағы сөздер әртүрлі мәнмәтінде қолданылады. Мұндай жағдайда сұрауыңызды минус-сөздер арқылы нақтылай аласыз. Бар болғаны іздеу нәтижесінен алып тасталатын сөздің алдында “-” белгісін қойыңыз. Ең дәл нәтиже үшін бірнеше минус-сөз қосуға болады.
Twitter-дегі кеңейтілген іздеу
Twitter-дегі кеңейтілген іздеу әлеуметтік желіде ақпарат іздеудің негізгі бөлшегі болып табылады. Басқа желілерге қарағанда, Twitter тұрған жерді нақты анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін Google картасында ендік пен бойлық деректерін көшіріп, geocode:ендік,бойлық,радиус_километр_бойынша іздеу скриптінде іске қосамыз. Бұл бірыңғай бұйрық болғандықтан скрипте сөздер арасында бос орын қалдыруға болмайтынын ұмытпаңыз.
Қолданушылардың көбі инстаграм парақшасын туиттердегі аккаунтына бекітіп қояды. Сондықтан бір желінің гео-іздеу деректерін екінші желі арқылы таба аламаыз.
Cурет іздеу
Google және Firefox браузерлері үшін сурет арқылы іздеуге арналған пайдалы плагиндерді бірі – RevEye. Плагиннің көмегімен кез-келген әлеуметтік желіден және іздеу жүйелерінен суреттің тарихы жайлы ақпарат аласыз.
Видео метадеректер
Amnesty International ұйымы әзірлеген видео метадеректерін және Google-дің көмегімен кері іздеуге арналған скрипт дайындады. Скриптің көмегімен видеоның нақты жүктелген уақытын анықтауға болады(деректер YouTube желісінде жоқ) Сонымен қатар скрипт видеоны 4 кадрға бөліп, әр кадрға кері іздеу жүргізеді. Видео бұрын да жарияланған болса, скрипт видеоның ең бірінші жарияланымын 99,9% ықтималдылықпен анықтайды.
Роботтың да қателесетін кезі болатынын есте ұстаңыз. Скрипт негізгі болып саналмайтын кадрларды ұсынуы мүмкін. Құралмен іздеу еш нәтиже бермеген жағдайда, өзіңізге қажет кадрдың скриншотын жасап, Google немесе Yandex жүйелерін пайдаланыңыз.
Facebook іздеу
Graph.Tips фейсбукте ақпарат жинаудың ең ыңғайлы құралдарының бірі. Құралдың көмегімен парақшалар арасындағы байланысты, жазбаларды, белгілі бір адамға немесе тақырыпқа қатысты пікірлерді табуға болады. Ақпараттың барлығы ашық дереккөзінен алынады. Скриптті қолдану үшін фейсбук желісінде парақшаңыз болу маңызды.
Мазмұны
Блок 6. Видеоинструкции по использованию цифровых инструментов