2-блок. Онлайн ақпарат жинау

Блоктың мазмұны:

  • Google іздеу жүйесінің кеңейтілген мүмкіндіктері
  • Іздеу скриптерін жасау
  • Іздеу жүйесінде индекстелуі нашар деректерді іздеу
  • Twitter желісінде геолокацияны іздеу

Кез келген зерттеу үш бөліктен тұрады: ақпарат жинау, алынған ақпаратты тексеру (верификациялау) және негізді тұжырымы бар қорытынды материал дайындау.

Бұл блокта ашық деректерге не жататынын, іздеу жүйелерінің көмегімен онлайн ақпарат жинаудың негізгі принциптерін, скриптерді кеңейтілген жүйеде іздеу принциптерін, Туиттер желісінде мәтіндер мен медиаматериалдарды геолокациялық және хронологиялық іздеу жолдарын айтамыз.

Ашық деректер. Онлайн ақпарат жинау

Кристиан Триберт (Bellingcat) Кингс колледжде (Лондон) қарулы қақтығыстарды зерттеу факультетін бітірген. Сирия, Ирак және Украинада оқиға ортасында зерттеу жүргізген. The New York Times визуал зерттеулер бөлімімен әріптестік байланыста // Twitter: @trbrtc

Google жүйесінде іздеу туралы толығырақ біздің мақаламыздан оқи аласыздар.

Деректерді архивтеу мәселесіне арнайы тоқталған жөн, өйткені желідегі деректер өзгеруі немесе өшірілуі мүмкін. Деректерді архивтеу туралы біздің серіктесіміз Factcheck.kz материалынан оқи аласыздар.

Туиттер арқылы Инстаграмға

Желіні пайдаланушылардың көпшілігі Instagram аккаунттарын Twitter желісімен байланыстырып қояды. Бұл арқылы Туиттердегі геолокациялық іздеу көмегімен біз ақпарат жинап отырған геолокациямен дәлме-дәл сәйкес келетін Инстаграм деректерін алуға болады.

Бұған қоса, Туиттердегі кеңейтілген іздеу жүйесі соңғы және танымал деректерді ғана емес, белгілі бір уақыт аралығындағы мәліметтерді де алуға көмектеседі. Оны қалай іздеуді білгіңіз келсе, төмендегі оқыту ролигін тағы бір қарап шығыңыз.

ТУИТТЕРДЕ геолокация мәліметтерін іздеу

Келесі кезеңге өтуге дайын сияқтысыз. Өзіңді тексеріп көр!

Мазмұны

Блок 1. Введение. Журналистика в мире дезинформации

Блок 2. Сбор информации онлайн

Блок 3. Поиск информации в Facebook

Блок 4. Верификация информации онлайн

Блок 5. Деконструкция пропаганды

Блок 6. Видеоинструкции по использованию цифровых инструментов