От редакции: Публикуем тексты участников конкурса по фактчекингу.
Автор: Гүлдана Қазтай, 3 место
2017 жылдың 20 желтоқсанында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары: Г.Бижанова,В.Олейник, Қ.Мусин, А.Бектұрғанова тарапынан ҚР Премьер- Министрі Б.Ә.Сағынтаевқа және ҚР Бас прокуроры Қ.П. Қожамжаровқа бағытталған депутаттық сауалда осындай мәлімет келтірілген болатын.
Үкім: Жартылай шындық
ҚР-ның Ұлттық Экономика Министрлігінің Статистика комитетінің ресми сайтында келтірілген мәліметтер бойынша еліміздегі жұмыссыздар саны 441 мың адамды құраған. Депутаттар өздерінің депутаттық сауалында жұмыссыздар санын 6000 адамға артығымен көрсеткен. Оны төменде келтірілген кестеден көре аласыздар.
Сонымен қатар, депутаттық сауалда елімізде әртүрлі бағалаулар бойынша 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандығы туралы мәлімет көрсетілген..
Үкім: Шындық
Дәл осы Статистика комитетінің мәліметінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар саны 2 млн 176 мың адамға тең.
You must be logged in to post a comment.