Жартылай шындық: Қазақстанда жұмыссыздар саны – 447 мың

От редакции: Публикуем тексты участников конкурса по фактчекингу. 
Автор: Гүлдана Қазтай, 3 место

2017 жылдың 20 желтоқсанында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары: Г.Бижанова,В.Олейник, Қ.Мусин, А.Бектұрғанова тарапынан ҚР Премьер- Министрі Б.Ә.Сағынтаевқа және ҚР Бас прокуроры Қ.П. Қожамжаровқа бағытталған депутаттық сауалда осындай мәлімет келтірілген болатын.20180327_102516

       Үкім: Жартылай шындық

ҚР-ның Ұлттық Экономика Министрлігінің Статистика комитетінің ресми сайтында келтірілген мәліметтер бойынша еліміздегі жұмыссыздар саны 441 мың адамды құраған. Депутаттар өздерінің депутаттық сауалында жұмыссыздар санын 6000 адамға артығымен көрсеткен. Оны төменде келтірілген кестеден көре аласыздар.20180327_102537

  Сонымен қатар, депутаттық сауалда елімізде әртүрлі бағалаулар бойынша 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандығы туралы мәлімет көрсетілген..

     Үкім: Шындық

   Дәл осы Статистика комитетінің мәліметінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар саны 2 млн 176 мың адамға тең.20180327_102557

Cкрин http://stat.gov.kz/getImg?id=ESTAT2491122

%d такие блоггеры, как: