Онлайн-сабақ: Визуалды зерттеу құралдары

Онлайн сабақ  барысында Bellingcat журналистерінен бастап Politifact фактчекерлеріне дейін пайдаланатын визуалды зерттеуге арналған құралдарды меңгеруге шақырамыз.

Сабақ алты үлкен бөлімнен тұрады. Әр бөлімде тақырыпқа сай бейнематериалдар, тест тапсырмалары және құралдармен жұмыс істеуді үйрететін видеосабақтар бар.

Онлайн сабақ 2017-2018 жылы Albany Associates және  Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен Қырғызстанда өткен фактчек және ақпараттық сауаттылық бойынша тренингтерге негізделеді.

Медиатренерлер — халықаралық журналистік жобаларда және  BBC, New York Times, «Новая газета» басылымдарында қызмет ететін журналистер Марек Бекерман, Таша Соколова, Кристиан Триберт және Павел Банников.

Ұсынылған сабақты толықтай өтіп, тест тапсырмаларын орындау арқылы үгіт-насихатты анықтау, ашық дереккөздерден алынған ақпаратты тексеру мүмкіндігіне ие боласыз. Сонымен қатар, фото мен видеоның растығын тексеріп, бір кадрдың көмегімен геолокация анықтап, әлеуметтік желі арқылы қажет ақпарат алуды үйренесіз.   

Дайынсыз ба? Тіркеліңіз және бірінші сабаққа өтіңіз!

Мазмұны

Блок 1. Введение. Журналистика в мире дезинформации

Блок 2. Сбор информации онлайн

Блок 3. Поиск информации в Facebook

Блок 4. Верификация информации онлайн

Блок 5. Деконструкция пропаганды

Блок 6. Видеоинструкции по использованию цифровых инструментов