Бірінші бөлім. Кіріспе. Журналистика әлеміндегі жалған ақпарат

Мазмұны:

  • Журналистика және оның достары: заманауи ақпараттық алаңының құрылымы
  • Лекция: Жалған ақпарат дәуіріндегі жаңалықтар (М.Бекерман)
  • Заманауи үгіт-насихат

Журналистика және оның достары

Заманауи ақпараттық ортада журналистика мен журналистика еместің арасындағы шекара жойылуда. Оқырман, ал кейді тіпті мақала автора да ойын-сауықты, жарнаманы, үгіт-насихат пен шикі ақпаратты журналистикаға балап жатады. Сізге ұсынылған слайдтың көмегімен ақпараттық салалардың мақсаты,  жұмыс істеу әдістері, қатысушыларына және нәтижесіне қарай бөлуге болады.

Жіктелу Stony Brook Univercity, New York, USA

Ұсынылған кестеге сүйене отырып ақпаратты салалары бойынша бөліп, “гибридті жанрларды”  көруге болады. Мысалы, нативті жарнама (журналистика құралдарын пайдалана отырып жарнама жасау) және азаматтық журналистика (журналистиканың заңдылығы бойынша әзірленген шикі ақпарат)

Жаңалықтарды “будандастыру” жайлы Марек Бекерман толығырақ түсіндіреді

Соңғы жылдары ақпаратты тексеру, яғни фактчек трендке айналуда. Бұл жоғарыда сипатталғандай ақпарат ағынының “будандасуына” байланысты. Сонымен қатар, күнделікті біз тұтынатын ақпараттың көлемі ұдайы өсіп отыруы да маңызды себептерінің бірі.

Күнделікті ақпараттың ағынын шектеуге мәжбүрміз, онымен қоса өзімізге ұнамайтын мәліметті немесе көзқарасты сүзгіден өткіземіз. Нәтижесінде айналамызда filter-bubble, яғни көпіршік-сүзгі пайда болады. Ақпараттық көпіршік-сүзгіден біздің ойымыздан ерекшеленетін пікірлер мен көзқарастар өте алмайды. Бұл қоғамның полярлануына әкеледі, қоғамдық пікірмен оңай манипуляциялауға мүмкіндік береді.

Оқырман журналистикаға сенбеген жағдайда фактчек және оның құралдары ақпаратты қайта пішімдеуге және ашық деректерге негізделе отырып зерттеу жасауға мүмкіндік береді.

Сабақ барысында ұсынылған құралдарды кез-келген адам қолдана алады және барлығы ашық дереккөзде ұсынылған.

Ақпаратты онлайн жинау және фактчек құралдарын пайдалануға кіріспестен бұрын өзіңізді тексеру үшін тесттен өтуге шақырамыз.

Мазмұны

Блок 1. Введение. Журналистика в мире дезинформации

Блок 2. Сбор информации онлайн

Блок 3. Поиск информации в Facebook

Блок 4. Верификация информации онлайн

Блок 5. Деконструкция пропаганды

Блок 6. Видеоинструкции по использованию цифровых инструментов